Ақпаратты-әдістемелік жұмыс басқармасының негізгі міндеті мұрағат ісі саласында алдыңғы қатарлы отандық және халықаралық тәжірибені жинақтау, зерделеу және тарату; архивтегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыруы; архив құжаттары бойынша автоматтандырылған іздестіру жүйелерін құру және дамыту; Архив қорының құжаттарына ғылыми-анықтамалық аппарат жүйелерін жүргізу, архивтің кітап, газет, журнал және ақпараттық-анықтамалық қорларының анықтамалық-іздестіру жүйелерін құру және есепке алу.
Аса көп жинақталған құжаттардың ішінен қажетті ақпаратты іздестіру, бір қалыпқа келтірілген ғылыми-анықтамалық құралдарының жүйесіз мүмкін емес. 2016 жылы «Путеводитель по фондам Архива Президента Республики Казахстан» атты анықтамалы-ақпараттық баспа жарыққа шықты. Онда архив қорлары, оның ішінде айрықша маңызды қорлардың құрамы мен мазмұны туралы мағлұмат толық жинақталған. Жеке текті қорлар бойынша анықтамалықтың үш басылымдары және жеке құрам бойынша құжаттардың сақталуы туралы анықтамалық басып шығарылды.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша жан-жақты ақпаратты қамтитын 190 мыңнан астам карточкасы бар каталог жүйесі зерттеушілердің пайдалануына ұсынылған.
Архивте Анықтамалық-ақпараттық қор құрастырылып, табысты қызмет етуде. Онда архив ісі мен ісжүргізу мәселелері бойынша әртүрлі әдістемелік құралдар еңгізілген. Қазіргі уақытта онда барлығы 2 мыңнан аса құралдар бар.
Архив 2006 жылдан бері толықтыру-дереккөздері мекемелерінің ісжүргізу және мұрағат қызметтерінің жұмысшыларына арнап өзінің жеке Ақпараттық-әдістемелік бюллетенін шығаруда. Бұл басылымның 22 нөмірі жарық көрді. Олардың барлығы қорға енгізіліп, сондай-ақ Архивтің сайтында орналастырылған. (www.archive.president.kz).
Архивте сондай-ақ кітапхана бар. Онда 43 мың данадан аса кітап, 15 мың данадан аса журнал және 4 мыңға жұық газеттер тігіндісі жинақталған.
Қорда Ж. Бөрібаев, Т. Бокин, О. Жандосов, Т. Жүргенев, И. Қабылова, М. Масанчи, В. Шаврова, С. Шарипов, А. Жармұхамедов және де сол секілді көптеген қайраткерлердің өмірі мен қызметі туралы кітаптар кездеседі.
Және де Қазақстанның қазіргі кезеңдегі тарихы мен Советтік Қазақстан, жалпы тарих, сондай-ақ халық шаруашылығы жөнінде басылымдар бар. Мысалы, Қ.И.Сәтпаевтың еңбектерінің жинағы 8 т. – Алматы, 1998-2001; В.В. Бартольд. Работы по исторической географии. — Москва, 2001; Артықбаев Ж. Қаөқстан тарихы: Оқулық. — 2013; Кан Г.В. История Казахстана. — Алматы, 2013; Современная история Казахстана: Хрестоматия в 2-х т. / Под ред. Б. Аягана. — Алматы, 2011 ж. т.б.
Одан басқа кітапхана қорында 19 ғ. ортасы – 20 ғ. басында кездесетін Туркреспубликасы қала мен ауыл халқының статистикалық мәлімдемесі
бойынша мәліметтері, 1921-1922жж., Ташкент, 1908 ж. Торғай-Орал ауданындағы қоныс аударушыларды баяндау. –Оренбург, 1895 Жетісу облысында статистикалық шолудың Жарғысы. – 1895 ж. мәліметтер бар. Сирек кездесетін басылымдарда Ф.Ницша – Так говорил Заратустра. –Петербург, 1907, 1913, В.Даль – Толковый словарь. –М., 1880-1882, Д.С.Милль –Система логики, – Петербург, М.1878, А.Смит – Исследование о природе и причинах богатства народов. т.1.2.-Петербург 1866 ж. т.б. кездеседі.
Біздің кітапхананың мақтанышы Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көпсанды еңбектері және ол туралы кітаптар болып табылады. Бәрінен бұрын ол: Н.Ә. Назарбаевтың 5 томдық Таңдаулы еңбектері; ҚР Президентінің 17 томдық еңбек хроникасы және шығармалары. Кітапханада сондай-ақ, Кеңестік Қазақстан тарихы және мемлекетіміздің қазіргі заман тарихы бойынша анықтамалық әдебиеттер кеңінен ұсынылған.
Қазақстанның саяси-қоғамдық және мемлекеттік кайраткерлерінің Қасымбеков М.Б. –Лидер и Независимость. –Алматы, 2010., Д.Әшімбаев. Кто есть кто в Казахстане. –Алматы (бірнеше басылымдары), қазақ елінің зиялы азаматтары, Первые лица госуларства, Политические портреты. –Алматы, соңғы жылдары жарық көрген еңбектері кеңінен көпшілікке ұсынылған.
Кітапхана қорында Қазақстан Республикасының көптеген облыстарының энциклопедиясы бар. Олар өз обылысында негізінен экономиканың дамуы, әлеуметтік, мәдениет пен өнер туралы мағлұматтар береді..
Жаңа басылымдардан «Ақиқат» (1995-2015), «Қазақ тарихы» (1995-2011), «Мысль» (1995-2014), «Отан тарихы», (1998-2015), «Ведомости Парламента РК» (1997-2015), «Собрание актов Президента РК и Правительства РК» (1991-2015) және басқалары бар.
Газет қорында «Егемен Қазақстан» (1993-2015), «Казахстанская правда» (1933-1934, 1979-1984-толық емес), «Наука Казахстана» (1997-2007), «Социалистік Қазақстан» (1981-1982, 1984-1985), және басқалары кездеседі.
Қажетті құжатты, кітап басылымын немесе әдістемелік құралды іздеу уақытын айтарлықтай қысқартатын Басқарма жұмысы барысында төрт ақпаратты-іздестіру деректер базасы құрылды: «Электрондық каталог (Тәуелсіздік кезеңі)», «Жоғары билік органдарының директивалық шешімдері», «Кітапхана қоры» және «Ақпаратты-анықтамалық қор», солардың көмегімен Архивтің оқырмандары мен зерттеушілердің тақырыптық сұранымдары орындалады. Соңғы төрт жылда (2013-2016 жж.) 6 мыңннан астам оқырмандар (оның ішінде — 291 зерттеуші) тіркеуге алынды, оның барлығы Архивтін ҒАА жүйісімен таныстырылып консультация алды. Сонымен қатар зерттеу жұмыстарының ғылыми тақырыбы бойынша керекті мағлұматтар берілді. Көрсетілген кезеңде оқырмандарға 6 мыңға жұық кітап, 1000 әдістемелік құрал және 50 мыңнан астам газетпен журнал берілді.