15.06.2022

Жас архившілерге арналған V жазғы мектеп басталды

2022 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті бірлесе ұйымдастырған архив мекемелерінің мамандарына арналған Жазғы мектеп өз жұмысын бастады.
Биыл бесінші рет өткізіліп жатқан Жазғы мектепке Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Қытай, Монголия, Ресей, Өзбекстан мен Моңғолиядан архив маман қатысып отыр. Аталған іс-шара жас архившілердің біліктілігін арттыруға, жаңа технологиялар мен архив жұмысындағы заманауи әдістермен танысуға, архив саласындағы халықаралық қатынастарды дамытуға бағытталған.
Форумның ашылуында құттықтаушының алды болып ҚР Президенті Әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев бастады. Тыңдаушылардың біліктілігін арттыруға, архив ісінде жаңа идеяларды жүзеге асыруға, IT технологияларын қолдануды ілгерілетуге, қатысушы елдердің Архив қызметтері арасындағы әріптестік қатынастарын нығайтуға ықпал ететін танымал диалог және озық тәжірибе алмасу алаңына айналған жас архившілердің Жазғы мектебінің жұмысына жақсы нәтижелер мен сәттіліктер тіледі.

«Бүгінде бүкіл әлем жылдам даму өзгерісі жағдайындағы аумалы-төкпелі заманда өмір сүруде. Біріншіден, бұл біздің жаңа сын-тегеуріндерге төтеп беруге зеректігімізді тексерсе, екіншіден, жаңа білімді игеру арқылы бәсекеге қабілеттігімізді арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл тезистердің архив ісіне толықтай қатысы бар», - деп атап өтті Нұрдәулет Төлеұлы.
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Әлия Мұстафина өз сөзінде Жазғы мектепке жыл сайын тілек білдірушілердің саны артып келе жатқандығын атап өтті. «Егер 2017 жылы 49 адам қатысса, өткен жылы 276, биыл 380-ге жуық өтініш келіп түсті. Бұл жас мамандардың көп бөлігі өздерінің кәсіби біліктілігін арттыруға мүдделі екенін білдіреді», - деп атап өтті Әлия Құсайынқызы.
Сонымен қатар Жазғы мектептің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Кітапханасының директоры Темірболат Бақытжан Берікбайұлы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Бораш Қуат, Бүкілресейлік құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институтының директоры Кюнг Павел, Беларусь құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институтының директоры, т.ғ. к., доцент Рыбаков Андрей, Өзбекстан Республикасының «Өзархив» агенттігінің директоры Юсупов Ұлықбек құттықтау сөз сөйледі.
Жазғы мектеп 15-17 маусым аралығында оффлайн және онлайн форматта өтіп жатыр.