Жас архившілер кеңесінің мәжілісі

20.01.2021

Жас архившілер кеңесінің мәжілісі

2021 жылдың 18 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Жас архившілер кеңесінің жиналысы өтті. Жиналыс Архив директоры Ж. Әбдіқадырованың қатысуымен өткен. Жиналыстың күн тәртібінде Кеңестің 2020 ж. атқарған жұмысы бойынша есеп, 2021 ж. жұмыс жоспарының жобасын талқылау және Кеңестің жаңа төрағасын, оның орынбасарлары мен хатшысын сайлау мәселелері қарастырылды. Жас архившілер кеңесінің төрағасы Ж. Байқаш 2020 ж. атқарылған жұмыстар бойынша есепті баяндап, жоспарланған іс-шаралардың барлығы мерзімінде орындалғанын жеткізді. 2021 ж. арналған жұмыс жоспары Кеңес мүшелерімен талқыланып, жоспарға жаңа ұсыныстар мен толықтырулар енгізілді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Кеңес мүшелерінің ашық дауыс беру арқылы сайлауының нәтижесінде Жас архившілер кеңесінің төрайымы болып Құжаттарды ғылыми жариялау басқармасының бас сарапшысы Р. Мырзақұлова, оның орынбасарлары болып сол басқарманың сарапшысы Ж. Өзбеков және Архив қорларын сақтау және мемлекеттік есепті қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы А. Мұхтарова, Кеңес хатшысы болып Архив қорларын сақтау және мемлекеттік есепті қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы Б. Бейсенбекқызы тағайындалды.