11.08.2021

Алматы қаласының Полиция департаменті музейінің директорымен кездесу

2021 ж. 9 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Алматы қаласының Полиция департаменті музейінің директоры Б. Ш. Барақатпен кездесу өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Алматы қаласының Полиция департаментімен 2015 ж. бастап бірге қызмет етіп келеді. 2 жыл бойы Архив қызметкерлері «Екінші дүниежүзілік соғыстың қазақстандық әскери тұтқындары: әдебиеттер, деректер, мәліметтер базасы» ғылыми-зерттеу жобасының мәліметтер базасын қазақстандық әскери тұтқындардың құпиясыздандырылған карточкаларымен толықтырды.

2020 ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына орай Полиция департаменті тарихи-құжаттық көрме дайындап, онда Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің құжаттары ұсынылды.
Бекадыл Шолтыбайұлы 2015 ж. «Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» ҚБ басылып шыққан «Дорогами Победы» өмірбаяндық анықтамалығы мен 2020 ж. Полиция департаменті жариялаған «Алматы полициясының өткені мен бүгіні» көрнекі кітабын Архив кітапханасына сыйға тартты.
Кездесу барысында одан әрі бірлесе қызмет ету мәселелері, сонымен қатар архив құжаттарын іріктеу, ортақ іс-шаралар мен ғылыми жобаларды өткізу талқыланды