16.06.2022

V Жазғы мектептің екінші күні

2022 жылдың 16 маусымында Жазғы мектептің екінші күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жалғасын тапты.
Қатысушыларға университеттің музейі мен кітапханасында арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Онда университеттің құрылған уақыттан қазірге дейінгі даму тарихы мен қара шаңырақты басқарған алғашқы басшылардың еңбектері баяндалды. Одан бөлек, архившілер назарына университеттің болашақтағы инфрақұрылымдық даму жобалары ұсынылды.
Танымдық таныстыру бөлімінен кейін бағдарламаға сәйкес қатысушылар Корея Ұлттық архивінің қызметкері Мун Хён Суктің «Архив материалдарын цифрландыру: стратегия, қазіргі жағдайы және қолданылуы», Қытай Халық университетінің ақпараттық ресурстарды басқару мектебінің деканы ЛЮ ЮэНаньнің «Қытайдағы электрондық құжат айналымы: ретроспектива және перспективалар»,

Халықаралық Инженерлік академияның корреспондент мүшесі, ф.-м.ғ.к., доцент М.Б. Ғаббасовтың «Цифрландыру трендтері және олардың архив қызметіне әсері», Беларусь құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институтының директоры, т. ғ. к., доцент А.В. Рыбаковтың «Беларусь Республикасында электрондық құжаттарды жасауды және сақтауды нормативтік-құқықтық реттеу» атты дәрістерін тыңдады.
Тыңдаушылар белсенді сұрақтар қойып, өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, қағаз құжаттарды цифрлаудағы өзекті мәселелерді талқылады.
17 маусымда Жазғы мектептің аяқталатын күнінде сабақтар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аудиториясында ұйымдастырылады.