13.09.2022

«Тарих. Тағылым. Халық» ХІ Халықаралық тарихи, ғылыми-практикалық конференциясы

2022 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының эвакуация мен босқындық мәселелеріне арналған «Тарих. Тағылым. Халық» ХІ Халықаралық тарихи, ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. Архивтік құжаттар «Қазақстан: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы эвакуациялау» тарихи-құжаттық көрмеде ұсынылады. Конференцияны ҚР Президентінің Архиві, Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Мицва» қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырады. Конференция аралас форматта (онлайн, офлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.

Конференция жұмысына Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелері, ғалымдар, Қазақстанның 5 өңірі-Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Қостанай және Павлодар қалаларынан келген архившілер мен зерттеушілер қатысады деп күтілуде. Форумның халықаралық мәртебесін Германия, Израиль, Канада, Польша, Ресей, Өзбекстан және Украина қатысушылары қамтамасыз етіп отыр.