27.04.2022

ҚР Президенті Архивінде колледж студенттері тәжірибеден өтуде

25 сәуірде ҚР Президенті Архивінде «Алматы көпсалалы колледжі» КМҚК-нің «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттердің тәжірибесі басталды.
ҚР Президенті Архивінің директорының орынбасары Әлімғазинов Қайрат Шәкәрімұлы студенттермен кездесіп, Архив жұмысымен және Басқарма басшыларымен таныстырды.

Ол өз сөзінде өндірістік тәжірибе студенттердің теориялық білімін тексеруге, өзі таңдаған мамандығының басымдықтарын анықтауға мүмкіндік беретін үлкен мектеп екенін атап өтті.
Студенттер тәжірибе кезінде кәсіби ортаға түсіп, болашақ мамандығы бойынша дағдыларды меңгереді. Сонымен қатар диплом жұмысын жазу кезінде азық болатын мол ақпаратпен қанығады.