13.04.2021

Ашық сабақ

ҚР Президенті Архивінің сарапшысы Б. Бейсенбекқызы 2021 жылдың 13 сәуір күні № 165 мамандандырылған лицейдің жоғары сынып оқушыларына онлайн форматта сабақ өткізді. Іс-шара адамзаттың ғарышқа алғаш ұшқанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ барысында оқушыларға «Байқоңыр – ғарыш айлағы» атты тарихи-құжаттық көрмеге шолу жасалып, қосымша ақпарат берілді. Сонымен қатар, тарих пәнінің оқытушысы М.Ж. Утетлеуова Ғарышкерлер күні мерекесіне арналған бейнематериалмен таныстырды. Б. Бейсенбекқызы ХХ-XXI ғғ. тарихи-мәдени құндылықтарды сақтап қалудағы Президент Архивінің тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар мен тарихи оқиғаларға әділ бағасын беру үшін архив құжаттарының мемлекет пен қоғам үшін маңыздылығы туралы атап өтті.