18.06.2021

Үстел теннисінен турнир


2021 ж. 18 маусымында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Жас архившілер кеңесі ұйымдастыруымен және бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен қызметкерлер арасында үстел теннисінен турнир өткізілді.
Жарыстың мақсаты – салаутты өмір салты мен спортты насихаттау және қызметкерлер арасында үстел теннисін дамыту.
Ерлер арасында жақсы нәтижеге қол жеткізіп, Мәди Шотаев, Бахытхан Шайлазымов, Абзал Темешов жүлделі орындарды бөлісті.
Ал, әйелдер арасында Венера Салахова жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орынды Гүлжан Дүйсенова, үшінші орынды Әйгерім Мұхтарова иеленді.
Турнирдің «Жеңіске деген ұмтылысы үшін» аталымымен Әлия Сүлейменова мен Бекзат Тәжібаева марапатталды.
Қатысушыларды марапаттау шарасына Алматы қалалық филиалының төрайымы Данагүл Айнақұлова қатысты.