02.03.2023

Әскери-тарихи музеймен әріптестік

2 наурызда Архивте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің өкілдерімен кездесу өтіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Кездесу барысында ҚР Президенті Архивінің директоры Ә.Қ. Мұстафина Архивтің қызметі туралы айтып, жұмыс жоспарымен бөлісіп, бірлесіп атқаратын ғылыми-зерттеу жобалардың маңыздылығына тоқталып өтті.

Музей бастығы Л.Т. Әлжан өз сөзінде олардың қызметкерлері әскери тақырыптарды зерттеу барысында зерттеуші ретінде Президент Архивіне жиі қатынап тұратынын айтып, Меморандум бірлескен жаңа жұмыстардың негізі болатынына сенім артты және зерттеушілерге жасаған қолайлы жағдай үшін Архивтің басшылығына алғысын білдірді.