04.06.2021

Құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыру ерекшеліктері туралы семинар

2021 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Нұр-Сұлтан қаласындағы басқармасы мен Архив қорларын сақтау және мемлекеттік есепті қамтамасыз ету басқармасының қызметкерлері бейнеконференция форматында «Құжаттарды мемлекеттік сақтауға өткізу және құжаттарды техникалық рәсімдеу» тақырыбында семинар өткізді. Семинарды Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Нұр-Сұлтан қаласындағы басқармасының басшысы Ә.Несіпбаев және Архив қорларын сақтау және мемлекеттік есепті қамтамасыз ету басқармасы басшысының м.а. М.Дүйсенбай архивтік құжаттарды ведомстволық архивтерден мемлекеттік сақтауға дайындау және тапсыру тәртібі туралы баяндап берді. Семинарға толықтыру дереккөздерінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен ведомстволық архивке жауапты қызметкерлер қатысты. Атап айтқанда: «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы» РМ ҚК; «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы» ММ; «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі» ММ; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» ММ; «Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті» ММ; «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі» ММ; «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі» ММ; «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі» ММ; «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ