23.09.2021

«Рухани жаңғыру: Ашық қоғамға – ашық архивтер» Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Маңғыстау облысындағы күндері

23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві және Маңғыстау облысы мемлекеттік архивінің бірлесе отырып ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: Ашық қоғамға – ашық архивтер» тақырыбындағы онлайн дөңгелек үстелі өткізілді. Аталған шара ҚР Президенті Архивінің Маңғыстау облысындағы күндері аясында ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві өңірлік архивтермен серіктестік қарым-қатынас орнатуға аса көңіл бөліп келеді. 2017 жылдан бастап жергілікті жерлердегі архив мекемелерімен бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу, тарихи-құжаттық көрмелерді дайындау, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру, тәжірибе алмасу және т. б. жобаларды жүзеге асыруды қамтитын «Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің өңірлердегі күндері» шаралар кешені өткізілуде. Мұндай шаралардың ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын әйгілеп, насихаттауға және архившілердің кәсіби мәселелерді бірлесе отырып шешуіне де бағытталған. Өткен жылдарда Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің күндері Нұр-Сұлтан қаласында, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында өткізілген.
Маңғыстау облысындағы Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің күндері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.

Шараны ашу барысында ҚР Президенті Архивінің директоры Жәмилә Әбдіқадырова отандық архив саласының алдында тұрған өзекті міндеттерге тоқталды. Қазіргі уақытта архив саласы кадрлық әлеуетті сақтап қалу және күшейту бойынша тиісті шараларды қабылдауды қажет етеді. Еліміздегі архив саласында білікті мамандардың жетіспеушілігі орын алып отырғанын да жақсы білеміз. Бұған қоса, қазір архив саласында жаңа бағыттар қалыптасуда, заманауи технологияларды қолдану қолға алынып, жұмыс әдістері жетілдірілуде. Бұл өз кезегінде кәсіби дайындық пен біліктілікті арттырудың жаңа жоғары деңгейде жүзеге асырылуын қажет етеді – деп атап өтті.
Жәмилә Әбдіқадырова өз баяндамасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Қазір Қазақстан мүлде жаңа дәуірге қадам басты. Соған сәйкес қоғамдық өмірдің барлық саласы түбегейлі өзгеруде. Жаһанды тұрақсыздық жайлап, көптеген жаңа сын-қатер пайда болып жатқан кезде біз бағдарымызды бекемдеп, болашаққа көзқарасымызды айқындай түсуіміз қажет» - деген сөздерді келтірді. Бұл сөздер бізді Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтын дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек деген тұжырымына назар аудартады.
Шараның ашылуында Маңғыстау облысы мемлекеттік архивінің директоры Сәдімекова Минара Күлбайқызы да сөз сөйледі.
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З.Е. Қабылдинов баяндамасында жаңада шыққан «Ашаршылық. Голод. Документальная хроника. 1928-1934 гг.» құжаттық жинағымен таныстырды.

Шараның бағдарламасына сәйкес ҚР Президенті Архивінің құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру басқармасының басшысы Б.Ә. Қасенов қатысушыларға «Тәуелсіздік дәуірі: ҚР Президенті Архиві қорларынан» тақырыбындағы тарихи-құжаттық көрмемен онлайн форматта таныстырды.
Маңғыстау облысы мемлекеттік архивінің коллекциясынан «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай» тақырыбындағы тарихи-құжаттық онлайн көрмеге архив құжаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің архивисті А. Абдулина шолу жасады.
Маңғыстау облысының Мемлекеттік архивінің бас сарапшысы Ж.Ж. Нұрмаханова өз баяндамасында «Тағзым» құжаттық жинағы туралы айтты.
«Мемлекеттік архивтер жұмысының негізгі бағыттары: нормативтік-әдістемелік база және тәжірибе» атты семинарда Президент Архивінің қызметкерлері Ж.С. Зейнелов, Б.Ж. Шайлазымов, Ә.С.Несіпбаев ведомстволық архивтермен жұмысты ұйымдастыру, архив құжаттарын есепке алу, сақтау және оларды пайдалану бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қатысушыларға сертификаттар табысталaды.