03.09.2021

ҚР Президентінің Архивінде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

2021 жылдың 3 қыркүйегінде ҚР Президентінің Архивінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының ««Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатында онлайн-жиналыс өтті.
Жиында сөз сөйлеген Архив директорының орынбасары Б.Қ. Жұмабеков Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қойған негізгі басымдықтары дәйекті түрде жалғасып келе жатқанын атап өтті. Әр дәуірдің өз өзгерістері бар және біз жаңа өзгерістерден хабардар болуымыз керек. Коронавирус бойынша жағдай Жолдауда да көрініс тапты, бұл қиындықтарды тек ортақ күш-жігермен жеңуге болады.

Цифрландыру мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жұмысына тікелей қатысты деді баяндамасында Б.Қ. Жұмабеков. Қазақ тілі, оның дамуы және қолданылу аясының кеңейіп келе жатқандығы туралы талқыланды.
Шара аясында ҚР Президенті Архивінің бас сарапшысы А.Ә. Сейсенбаева Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша хабарлама жасады. Сондай-ақ қызметкерлер Президент Жолдауында қойылған міндеттерді сапалы іске асыру бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.