ҚР Президенті Архивінің қызметкерлерін марапаттау

08.01.2021

ҚР Президенті Архивінің қызметкерлерін марапаттау

8 қаңтар 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Нұр-Сұлтан қ. Филиалының басшысы С.Ж. Әубәкіровты «Ерен еңбегі үшін» медалімен салтанатты түрде наградтау өткізілді. Мемлекеттік наградты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлім меңгерушісі Н.Т. Төлеев тапсырды. Н.Т. Төлеев С.Ж. Әубәкіровтың мемлекеттік қызметтегі ерекше жетістіктерін, оның көпжылдық қызмет тәжірибесін және құжаттау мен архив ісі мәселелері бойынша терең танымдылығын атап өтті. Сондай-ақ, мерекелік «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» төсбелгісімен ҚР Президенті Архивінің бас сарапшысы А.А. Ермағамбетова да атап өтілді.