30.12.2021

ҚР Президенті Архивінің Бастауыш кәсіподақ ұйымының Жаңа жылдық құттықтауы

2021 ж. 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Архив қызметкерлерін Жаңа жылдық құттықтауға арналған жиын өтті. Шараға Архив басшылығы, қызметкерлер және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының төрайымы Д.М. Айнақұлова қатысты.
Жиынды ашқан Архив директоры Ж.Ү. Әбдіқадырова жыл бойында Архив тарапынан ұйымдастырылып, жүзеге асырылған жобалар, Архивтің Бастауыш кәсіподақ ұйымының бастамасымен атқарылған шаралар туралы айтып өтті. Сонымен қатар, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы мен ҚР Президенті Архивінің арасындағы серіктестіктің дамуына негіз болып, қолдау білдіріп жүрген филиал төрайымы Д.М. Айнақұловаға Алғыс хат табыстады.
Шара соңында Архив қызметкерлеріне Бастауыш кәсіподақ ұйымы және Алматы қалалық филиалы тарапынан жаңа жылдық сыйлық қоржындары табысталды.