30.09.2022

ҚР Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архивтерінің қызметкерлеріне арналған семинар

2022 жылғы 29 қыркүйекте ҚР Президентінің Архиві ҚР Ішкі Істер Министрлігінің аймақтық бөлімшелерінің арнайы мемлекеттік архивтерінде сақталатын ХХ ғасырдың 30-50 жж. саяси қуғын-сүргін құжаттарымен жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар ұйымдастырды. Сабақ бейнеконференция форматында өтті.
Семинардың мақсаты – құжаттарды арнайы мемлекеттік архивтерден ҚР Президентінің Архивіне өткізу кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және саяси репрессияларға қатысты құжаттар мен оларды қорландыру, есепке алу және ғылыми-техникалық өңдеу бойынша архивтік құжаттармен жұмыс істеуде тәжірибе алмасу.
Семинарды ҚР Президенті Архивінің ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының басшысы Г.Р. Нұрымбетова өткізді.

Семинар жұмысына Президент Архивінің ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу Орталығының қызметкерлері және ІІМ аймақтық бөлімшелерінің арнайы мемлекеттік архивтерінің қызметкерлері қатысты.
ХХ ғасырдың 30-50 жж. саяси қуғын-сүргіндердің архивтік құжаттарымен жұмыс істеудің ерекшеліктері туралы ҚР Президенті Архивінің аға сарапшысы Ж.Қ. Өзбеков айтып берді.
Семинар барысында арнайы мемлекеттік архивтерден ҚР Президентінің Архивіне құжаттарды қабылдау-тапсыруды одан әрі жүзеге асырудың мәселелері талқыланды.
Семинарда көтерілген мәселелерді талқылу 19-21 қазан аралығында Алматыда өтетін Халықаралық архившілер Конгресінде жалғасын табады. Конгресс Халықаралық архивтер Кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылды, оның жұмысына 14 елден келген тәжірибелі архившілер мен сарапшылар, ғалымдар қатысады деп күтілуде.