22.04.2022

Польша архившілерімен тәжірибе алмасу

2022 жылдың ақпан-наурыз айларында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің қызметкері Шотаев М.Т. қазақстандық архившілермен оқу бағдарламасы бойынша Польшаның Люблин қаласындағы Мария Кюри-Склодовская университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында Мария Кюри-Склодовская университетінде архив ісі бойынша семинарлар ұйымдастырылды. Бұл семинарларда әлемнің жоғары деңгейлі университеттері ғалымдарының дәрістеріне қатысып, ғылыми талқылауларға қатысты. Шотаев М.Т. Люблин қаласы кітапханасында, мемлекеттік және ведомствалық архивтерінен деректерді жинаумен айналысты. Атап айтқанда, Польша республикасында 1944 жылдан 1990 жылға дейін билеуші партия болған ПЖБП (Поляк Жұмысшыларының Біріккен Партиясы) құжаттарын ғылыми айналымға енгізу мәселелеріне қатысты материалдар жинақтап, жүйелендірді. Әлемдік ғылыми жарияланымдар базасымен жұмыс жүргізіп, соңғы диссертациялар мен ғылыми жаңалықтарымен танысты.

Сонымен қатар ғылыми тағылымдама барысында профессор Януш Ласовский, хабилитус Роберт Стемпан, профессор Мирослав Шумило, профессор Томаш Чарнота, доктор Артур Горак, профессор Криштоф Латиевский архив ісі, электронды архив, электронды құжат айналымы, жеке тектік қорлар, партиялық құжаттарды ғылыми айналымға енгізу секілді мәселелер туралы теориялық-методологиялық мәселелер бойынша арнайы дәріс сабақтарын өткізіп, кеңесшілік жұмыстарын жүргізді. Польшаның Седлец қаласында орналасқан Жаратылыстану-гуманитарлы университетін қазақ-поляк докторанттарының ғылыми семинары өтті. Семинарда Шотаев Мади «Қазақстан Республикасы Президент Архивіндегі партиялық қорларындағы «ерекше папкалардың» құжаттары тарихи архивтанулық зерттеу» атты тақырыбында баяндама жасады. Іссапар нәтижесінде Польша мемлекетіндегі ХХ ғасырдағы коммунистік партияның архивтік құжаттарының сақталуы, пайдаланылуы және ғылыми айналымға енгізілу деңгейі туралы тәжірибе жинақтап, ҚР Президент Архивіндегі кеңестік кезеңдегі Қазақстан Компатиясы құжаттарын ғылыми айналымға енгізу деңгейін жетілдіру мәселесі қарастырылды.