25.05.2021

Орынборда архивтік конференция өтті

2021 ж. 19–20 мамырында Орынбор қаласында «Партийные архивы. Проблемы и перспективы развития» IV Аймақаралық (халықаралық қатысумен) ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Іс-шара Уральск және Приволжье федералды округтары архив мекемелерінің Ғылыми-әдістемелік кеңестерінің, Свердловск облысы архивтер басқармасының, Орынбор облысы архивтер бойынша комитетінің, Свердловск облысы қоғамдық ұйымдарының құжаттама орталығы мен Орынбор әлеуметтік-саяси тарихы мемлекеттік архивінің ұйымдастырылуымен өтті. Конференция жұмысына Мәскеу, Санкт-Петербург, Сведловск, Челябинск, Самара, Вологодская облыстары және Пермь өлкесінің архив қызметінің делегациялары қатысты. Коронавирус инфекциясының таралу қаупі жағдайында баяндамалардың бірқатары онлайн форматта ұсынылды. Ол өз кезегінде ресей аймақтарының архившілерінің жақын шетел елдерімен іскерлік және ғылыми байланыс орнатуына мүмкіндік берді. Қатысушыларға 5 пленарлы баяндама және үш секция бойынша екікүндік отырыстарда, сонымен қатар, «Документы Великой Отечественной войны в научной и образовательной деятельности» атты дөңгелек үстел жұмысында 78 баяндама ұсынылды.

Іс-шараның салтанатты ашылуында Уральск федералды округі архив мекемелерінің Ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрағасы, т. ғ. к. Александр Капустин, Приволжье федералды округі архив мекемелерінің Ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрағасы, филология ғ. к. Борис Будалов, Орынбор облысының Мәдениет министрі Евгения Шевченко, Орынбор облысы архивтер бойынша комитетінің төрайымы Ирина Останина, Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының орынбасары, т. ғ. д. Қайрат Әлімғазинов сөз сөйледі. Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Құжаттарды ғылыми жариялау басқармасының бас сарапшысы Раушан Мирзакулова конференцияның «Исторические исследования с использованием архивов социально-политической истории» атты екінші секциясында «Издание документов Национального архивного фонда Республики Казахстан (из опыта Архива Президента Республики Казахстан)» баяндамасын ұсынды. Конференция жұмысының нәтижесі бойынша қорытынды отырыста әлеуметтік-саяси тарихы архивтерінің потенциалын одан әрі биіктеу бойынша ұсыныстарды құрайтын резолюция қабылданды.