25.02.2021

Ортақ үйіміздегі татулық пен келісім

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Алғыс айту күніне арналған «Ортақ үйіміздегі татулық пен келісім» атты Дөңгелек үстел Zoom платформасында онлайн форматта өткізіледі.

Аталған шараның мақсаты – ұлтаралық ынтымақтастықтың қазақстандық үлгісін, қазақстандық отаншылдықты насихаттау, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві құжаттары негізінде 2016 жылдан бері өткізілетін 1 наурыз – Алғыс айту күнінің тарихи және қоғамдық маңызын дәріптеу болып табылады.

Дөңгелек үстел аясында ҚР Президенті Архивінің қорынан архивтік құжаттар негізінде дайындалған «Ортақ үйіміздегі татулық пен келісім» тарихи-құжаттық көрмесі таныстырылады.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Алматы қаласындағы дипломатиялық корпус өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этно-мәдени орталықтардың басшылары, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысады деп күтілуде.

 

Өтетін күні мен уақыты: 2021 жылғы 25 ақпан сағат 14.00-де.

Анықтама телефондары: +7 (727) 264-69-07, +7 (727) 264-26-75, +7 (727) 264-40-71.