16.04.2021

Оқырман залының жұмыс істеу тәртібі туралы

Құрметті зерттеушілер мен оқырмандар! Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медицина орталығының Бас санитариялық дәрігері − Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы басшысының 2021 ж. 31 наурыздағы № 05-06/48 қаулысына сәйкес 2021 ж. 19 сәуірінен 11 мамырға дейін сақтық шараларына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің оқырман залы уақытша жұмыс істемейтіндігін хабарлаймыз. Оқырман залының жұмыс істеу тәртібі туралы Архив сайтынан http://archive.president.kz адресі бойынша біле аласыз.