23.02.2023

Қалмақ ғылыми орталығымен ынтымақтастық туралы

24 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті Архиві мен Ресей Ғылым академиясының Қалмақ ғылыми орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Екі тарап ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтерді, қолданбалы және іздестіру зерттеулерін, архивтік инфрақұрылымды дамыту, архившілерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру, архивтік менеджменттің озық жүйелерін енгізу, архивтік құжаттарды зерттеу бойынша өзара серіктестікті дамытуға уағдаласты.

Сонымен қатар, бірлескен ғылыми экспедицияларды, конференцияларды, семинарларды, ғылыми симпозиумдарды және өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға, ғылыми басылымдарды дайындап, басып шығаруға, рейтингтік басылымдарда бірлескен жарияланымдар жасау туралы келісімге келді.