17.05.2021

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп жөніндегі ережелерін талқылау

2021 ж. 14 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде «ҚР мемлекеттік қызметшілеінің этикасы мен тәртіп нормалары» тақырыбында онлайн семинар ұйымдастырылды. Семинар Жас архившілер кеңесінің қатысуымен өтті. Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл Б.Ж. Шайлазымов қызмет барысындағы, жұмыстан тыс уақыттағы қарым-қатынастар, көпшілік алдында, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарындағы мемлекеттік қызметшілердің тәртіп стандарттары сияқты өзекті мәселелерге қатысушылардың назарын аударды. Семинар барысында цифрлық этика, әлеуметтік желілер байланыстарында және бейнеконференциялардағы тәртіп бойынша мәселелер талқыланды. Әкімшілік және қоғамдық байланыс басқармасының басшысы Г.К. Дараева еңбек тәртібін сақтау жөніндегі тоқсандық нәтижелер бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметшілердің жағымды моральдық сипатын және эстетикалық келбетін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.