22.10.2021

«Тарихшы және оның заманы» атты Дөңгелек үстел

2021 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде көрнекті және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың және Президенттік бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығының лауреаты, Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың (1931-2002) 90 жылдығына арналған «Тарихшы және оның заманы» атты Дөңгелек үстел болып өтті. Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.
Аталған шара ҚР Президентінің Архивінде сақтаулы тұрған М.Қ. Қозыбаевтың жеке қор құжаттары бойынша дайындалған тарихи-құжаттық көрме бойынша экскурсиямен ашылды. Экспозицияда ұсынылған архивтік құжаттар, фотосуреттер мен аудиовизуалды деректер Манаш Қабашұлының өмір жолының барлық кезеңдерін дәйектілікпен бақылауға мүмкіндік береді.
Дөңгелек үстел барысында «Историк в меняющемся мире. Тарихшы және оның заманы» (Алматы: «Раритет» баспасы, 2021. Құрастырушылар: І.М. Қозыбаев, Ш.О. Түлеуова). құжаттар мен материалдар жинағының тұсаукесері болды. Ұсынылған кітапта архив құжаттары, мақалалар мен академик М.Қ. Қозыбаевтың уақыт пен әріптестері туралы естеліктері арқылы халықтыңа ұлттық қадір-қасиеті мен тарихи жадысының, отансүйгіштік пен бірлігінің қалыптасуының күрделі үрдісі көрсетілген.

Манаш Қозыбаевтың тұлғалық феномені туралы академиялық және жоғары оқу орындары ғылым өкілдерінің, архив мекемелері қызметкерлерінің әңгімелері қызығушылық тудырды, өйткені олар көп жылдар бойы ғалыммен қызметтес болған еді. Сөз сөйлегендердің арасында Мемлекет және қоғам қайраткерлері, академиялық ғылым өкілдері, ғалымның әріптестері мен жақындары: Х.М. Әбжанов, Л.Д. Дегітаева, Л.Я. Гуревич, С.К. Қозыбаев, І.М. Қозыбаев, М.Қ. Қойгелдиев, Г. М. Меңдіқұлова, Н.В. Ниретина және басқалар болды.
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Қ.Ш. Әлімғазинов өз сөзінде Архив 1998 ж. бастап, ХХ ғ. басынан қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстанның мемлекеттік, қоғамдық және саяси қайраткерлерінің жеке тектік қорларымен жинақтала бастағанын атап өтті. Олардың арасында академик М.Қ. Қозыбаевтың көпқырлы қызметі туралы мәлімет беретін бірегей құжаттар бар. Академик М.Қ. Қозыбаевтың жеке архив құжаттары қор құрушының ұлы І.М. Қозыбаевтың өтініші бойынша 2012 ж. ақпан айында Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне тапсырылды. Жеке архивтік құжаттардың құндылығына сараптама жүргізілгеннен кейін ғылыми ұйымдастырушылық жұмыстардың нәтижесінде 1941-2011 жж. арналған 476 сақтау бірлігі құрылды.
Дөңгелек үстелдің өтуі туралы БАҚ-та жарияланды.