22.02.2023

Оқушыларға арналған конкурс – 2023


21 ақпанда «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының II конкурсын ұйымдастыру және өткізу аясында Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Л.А. Жылқыбаевамен және Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының жетекшісі Г.Н. Кәрімғажымен кездесулер өтті.
Кездесу барысында Президент Архиві тарапынан Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен екінші рет өткізілгелі отырған байқаудың негізгі бағыттары, кезеңдері, сондай-ақ басқа да ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды.

Аталған конкурс алғаш рет өткен жылы Балалар жылы аясында ұйымдастырылған болатын. Конкурста Алматы қаласындағы 47 жалпы білім беретін мектептің 85 оқушысы өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынған. Жеңімпаздар мен номинанттарды марапаттау 2022 жылғы 19-21 қазанда Президент Архиві өткізген «Ашық қоғамға – ашық Архив» I Халықаралық Конгресінің салтанатты ашылуы аясында өтті.
Биыл конкурсқа қатысу үшін өтінім 1 наурызға дейін қабылданады. Конкурстық жұмыстарды 2023 жылдың 10 сәуіріне дейін umc.aprk@gmail.com электрондық поштасына жолдау қажет. Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Мектептік оқу-зерттеу жұмыстары конкурсының шарттары туралы қосымша ақпаратпен Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің сайтында танысуға болады: https://archive.president.kz/ru/konkursy/.