21.09.2022

«Тарих. Тағылым. Халық» конференциясы

20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі эвакуация және босқындар мәселелері арналған «Тарих. Тағылым. Халық» атты ХІ Халықаралық тарихи, ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ғылыми форумның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Мицва» қауымдастығы заңды тұлғалардың бірлестігі. Іс-шараны ашқан Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Ә.Қ. Мұстафина тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы – оны мекендеген этностардың әрқайсысының ел дамуына қосқан үлесін бүтін тарих бір екенін атап өтті. Республикада 100 ұлт пен этникалық топ өкілдері тұрады. 18 діни конфессия ұсынған діни бірлестіктердің саны 3088-ге жетті. Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінде әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі ерекше орын алады. 2022 жылғы 14 қыркүйекте өткен «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы рөлі» атты VII съезінің пленарлық отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқының түрлі өркениеттер мен діндердің дәстүрлерін, толеранттылық пен ашықтық рухын бойына сіңірген ерекшелігін атап өтті. Сондықтан «Әралуандықтағы бірлік» қағидаты біз үшін негіз қалаушы қағидат болып табылады.
Конференцияға қатысушылар ҚР Президенті Архивінің «Қазақстан: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы эвакуация» көрмесінің электронды нұсқасымен танысты. Сондай-ақ, «Холокост» ғылыми-ағарту орталығының (Ресей, Мәскеу қаласы) «Холокост: қирату, қарсылық, құтқару» көрмесі электрондық форматта ұсынылды.

Конференцияның халықаралық мәртебесін Германия, Израиль, Канада, Польша, Ресей, Өзбекстан, Украина авторлары қамтамасыз етті.
Қатысушыларды Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар қалаларынан саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелері толықтырды.
Баяндамашыларда спикерлер ұжымдық жадтың бір аспектісі болып табылатын «мәдени жад» терминіне жүгінді, онда адам немесе қоғам күнделікті өмірдің призмасы арқылы тарих ағымында өзінің сабақтастығын түсінеді. Эвакуацияланғандардың, босқындардың тағдыры туралы тек ресми құжаттар мен статистикалық деректерге назар аудара отырып зерттеу мүмкін емес, зерттелетін оқиғалардың тікелей замандастарының «айталған тарихын» жинау және зерттеу сияқты маңызды бағытқа назар аудару қажет.
Іс-шараға қатысушылар арасында архив саласының, академиялық ғылымның, Қазақстанның жоғары оқу орындары мен этномәдени орталықтарының өкілдері, өлкетанушылар мен журналистер, докторанттар, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының магистранттары, педагогтар мен тәуелсіз зерттеушілер болды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша форумға дайындалған баяндамалар конференция материалдарының жинағында жарияланады. Жинақтың электронды нұсқасын ҚР Президенті Архивінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Мицва» қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің сайттарында орналастыру жоспарлануда.
Тағылымы бір халықтың тарихы айтылған конференциясының негізгі тақырыбы алдағы «Ашық қоғамға – ашық Архив» атты Қазақстан архившілерінің Конгресінде жалғасады. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві ағымдағы жылдың 19-21 қазанына жоспарлап отыр. Конгресс жұмысына 14 елдің өкілдері қатысады деп күтілуде. Форум Халықаралық Архивтер Кеңесінің, халықаралық ұйым БҰҰ-ның құрылымдарының қолдауымен өтеді.