16.09.2022

ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарымен жұмыс жүргізу туралы семинар


2022 жылғы 16 қыркүйекте ҚР Президентінің Архивінде, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Басқарма қызметкерлері және өңірлердегі арнаулы мемлекеттік архивтері мамандарының қатысуымен «Арнаулы мемлекеттік архивтердің құжаттарын мемлекеттік сақтауға дайындау және оларды қабылдау-өткізу» тақырыбында онлайн форматта семинар өтті.
Іс-шараны ҚР Президенті Архивінің ХХ ғасыр саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының жетекшісі Г.Р. Нұрымбетова жүргізді.
Семинарға ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Басқарма қызметкерлері мен өңірлердегі арнаулы мемлекеттік архивтердің мамандары, ҚР Президенті Архивінің ХХ ғасыр қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығы қызметкерлері қатысты.

Семинарды өткізудің мақсаты: ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Басқарма қызметкерлері мен өңірлердегі арнаулы мемлекеттік архивтері мамандарының құжаттарды «өткізу мен қабылдау» барысындағы жұмыстарының бірегей әрі тиянақты ұйымдастырылуы мен құжаттарды Ұлттық архив қорына сақтау бойынша тәжірибелермен алмасу.
ХХ ғасыр саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының аға сарапшысы А.А. Сейсенбаева құжаттарды өткізу – қабылдау тәртібімен таныстырды.
Семинар барысында көтерілген мәселелер екі тараптың мамандарынан толық жауап алынып, келесі тапсырылатын құжаттарға қатысты сұрақтар талқыланып, өзара шешімін тапты.
Алдағы қазан айының 19-21 аралығында халықаралық мамандардың қатсыуымен алғаш рет өтетін Қазақстан архившілерінің Конгресі жұмысындағы талқыланатын бағыттардың бірі – ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу мәселелері болады. Конгресс жұмысына өңірлердегі арнаулы мемлекеттік архивтердің мамандары да қатысады деп күтілуде.