21.04.2021

«Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығы бойынша ХІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада

ҚР Президентінің Архиві мен әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ 2021 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында ХІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізеді. Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау көрсету, зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу, архив және құжаттану саласындағы мамандықтардың мәртебесін көтеру. Олимпиадаға жоғары оқу орындары мен колледждердің I-ІV курс студенттері қатысады. Өткізілу түрі: онлайн, «ZOOM» қосымшасы арқылы. Байланыс телефондары: 8(727)263-13-54, вн.114 (Медет Дүйсенбайұлы), 8(727)264-42-10 (Шайлазымов Бахытхан Жолдыбайұлы)