12.05.2021

ХІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың жеңімпаздарын мараппатау

2021 жылдың 6 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде ХІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды. «Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында ұйымдастырылған олимпиаданың қатысушыларына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің дипломдары мен сертификаттары берілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша ЖОО арасында: 1 орын – «Al.Ash» тобы, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ 3 курс студенттері; 2 орын – «INNOVATION» тобы, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ 2 курс студенттері; 3 орын – «DOCUMENTUM» тобы, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ 2 курс студенттері иеленді. Ал, колледж студенттерінің арасында жүлделі орындар келесідей: 1 орын – «Архив сақшылары» тобы, Алматы көпсалалы колледжінің 2 курс студенттері; 2 орын – «Бірлік» тобы, Алматы көпсалалы колледжінің 1, 3 курс студенттері; 3 орын – «Алғырлар» тобы, Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжнің 1, 3 курс студенттері. 3 орын – «Мұрагер» тобы, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің 3 курс студенттері.