28.05.2021

«Ашаршылық. Голод. Документальная хроника. 1928-1934 гг.» құжаттар жинағы жарыққа шықты

2021 ж. 28 мамырда «Ашаршылық. Голод. Документальная хроника. 1928–1934 гг.» архив құжаттары жинағының тұсаукесері өтті. Басылым 3 кітаптан тұрады және оған өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы қасіретті оқиғалар тарихының 1000-нан астам құжаты енді. Кітапты дайындауға Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, ҚР Орталық мемлекеттік архиві, облыстық мемлекеттік архивтер, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты қатысты. Жобаның үйлестірушісі, жауапты құрастырушы және басылым редакторы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б. Әбдіғалиұлы. 1928 ж. мен 1934 ж. аралығы – Қазақстанда шиеленіскен азық-түлік күйзелісі мен аштық уақыты. Ол көшпенді мал шаруашылығының жергілікті ерекшеліктерін ескеруінсіз ауыл шаруашылындағы жаппай ұжымдастыру бойынша билік саясатының нәтижесінде туындады.

Жинақта азық-түлік тапшылығының, соның салдары ретінде аштық туындауын ашып көрсететін құжаттар ұсынылған. Экономиканың өндірістік секторында индустриализациялау мақсатында колхоздық жүйені күштеп таңумен байланысты, бұл қайғылы салдарға алып келді. Кітаптың тұсаукесеріне ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік архивтер мен ғылыми қауымдастықтар өкілдері қатысты. ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің Алматыдағы өкілі М. И. Айтмұхамбетов жаңа басылымның бірінші даналарын құрастырушылар ұжымының мүшесі, Архивтің Құжаттарды ғылыми жариялау басқармасының басшысы, т. ғ. к. А. Е. Асанбаеваға тапсырды. Құжаттар жинағымен Архив кітапханасының оқырман залында танысуға болады.