17.11.2021

IV Республикалық жас архившілер конкурсы

2021 жылғы 16 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен IV Республикалық жас архившілер конкурсы өтті. Конкурсқа Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы, Жезқазған қалаларының мемлекеттік архивтерінің командалары қатысты. Шара еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.
Конкурстың мақсаты жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, архив саласының қызметін насихаттау, архивші мамандығының мәртебесін көтеру болып табылады.
IV Республикалық жас архившілер конкурсының ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Х. Нарымбетов, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Ж.Ү. Әбдіқадырова, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының орынбасары Б.Қ. Танысбеков сөз сөйледі.
Республикалық конкурста қазылар алқасының қорытындысымен бас жүлде Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің « Қыран » тобының, 1-орын Жезқазған қаласы мемлекеттік архивінің «Тәуелсіздік тұмары» командасының, 2-орын Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің «Тараз ғибраты» командасының, 3-орын Алматы қаласы мемлекеттік архивінің «Верный» командасының қанжығасына байлады.