18.10.2021

«Қазіргі кезеңдегі архив ісі: мәселелер, тәжірибелер, инновациялар» III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

қазан 2021 ж. сағат 11:00 Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде «Қазіргі кезеңдегі архив ісі: мәселелер, тәжірибелер, инновациялар» III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырылған. Конференцияда әлемдік архив ғылымының жетістіктері және экономика мен қоғамның жеделдетілген технологиялық жаңғыруының тәжірибелерін, цифрлық технологияларды белсенді енгізу негізіндегі архивтер қызметінің жаңа мазмұнын ескере отырып, архив ісінің жағдайы мен даму келешегін талқылау ұсынылып отыр. Қоғамдық сананы жаңғыртудағы архивтердің рөлі, архив саласының жағдайы мен мәселелері, Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарының сақталуы және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары: - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылғы тарихы Ұлттық архив қорының құжаттарында; - ХХI ғасырдағы архив ісі: дәстүр және дамыту бағыттары - Архивтер және қоғам: тарихи жадыны сақтаудағы әрекеттестік - Архивтік білім: кадрларды даярлау мәселелері Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын (бейсинхронды аударумен қамтамасыз етіледі). Конференцияны өткізу форматы - онлайн. Конференция материалдары жинақ түрінде басылып шығады. 2021 жылдың 20 қазаны күні сағат 11.00-де Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ресми ашылуы болады (онлайн форматта). Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері мен Қазақстанның мемлекеттік архив мекемелерінің басшыларының қатысуы күтілуде. ¬__________________________________________________________________ Анықтама телефоны: +7 727 264 2675, 87017495054