25.05.2021

«Қазіргі кезеңдегі архив ісі: мәселелер, тәжірибелер, инновациялар» III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Ақпараттық хат Құрметті әріптестер! Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві 2021 жылдың 20–21 қазанында Алматы қаласында «Қазіргі кезеңдегі архив ісі: мәселелер, тәжірибелер, инновациялар» III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырылған. 1994 жылдың 14 қаңтарында ҚР Президентінің Жарлығымен құрылған Президент Архиві бүгінгі күні Қазақстанның жетекші архив мекемесі, отандық архивтанудың ғылыми және әдістемелік орталығы, еліміздің архив саласы, соның ішінде архив ғылымы мен білім алудың дамуының қолданбалы бағыттар қатарының бастаушысы болып табылады. Президент Архивінің тарихи мұраны насихаттау, ХХ-ХХІ ғғ. саяси тарихының бұрын жарияланбаған көптеген құжаттарын ғылыми айналымға енгізу бойынша белсенді қызметі Қазақстандық алдыңғы қатарлы ғылыми-тәжірибелік орталықтардың, көптеген қазақстандық және шетелдік ғалымдардың іргелі тарихи зерттеулеріне негіз болды. Конференцияда әлемдік архив ғылымының жетістіктері және экономика мен қоғамның жеделдетілген технологиялық жаңғыруының тәжірибелерін, цифрлық технологияларды белсенді енгізу негізіндегі архивтер қызметінің жаңа мазмұнын ескере отырып, архив ісінің жағдайы мен даму келешегін талқылау ұсынылып отыр. Қоғамдық сананы жаңғыртудағы архивтердің рөлі, архив саласының жағдайы мен мәселелері, Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарының сақталуы және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. Конференция жұмысының негізгі бағыттары: - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы Ұлттық архив қорының құжаттарында; - архивтер және қоғам: тарихи жадыны сақтаудағы әрекеттестік; - архивтерді цифрландыру: мәселелер және оларды шешу жолдары; - архивтік тәжірибелер: жинақтау, есеп жүргізу, сақтау және пайдалану; - архивтік білім: кадрларды даярлау мәселелері. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын (бейсинхронды аударумен қамтамасыз етіледі). Конференцияға қатысуға өтінім және баяндама, мәлімдеме, тезис (көлемі 0,5 б. т. дейін) мәтіндерін 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін office@archive.president.kz адресі бойынша жолдау қажет. Конференцияны өткізу нысаны 2021 жылғы 10 қазандағы Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес нақтыланатын болады. Көлік шығындары мен мекендеу шығындары (оффлайн форматта өткізілгенде) – жіберуші жақ есебінен. Конференция материалдары жинақ түрінде басылып шығады. Электрондық таныстырылымдар жариялауға қабылданбайды. Конференция Алматы қ., Достық даңғылы, 87б мекенжайы бойынша өтеді. Анықтама телефоны: +7 727 264 2675 Конференция туралы толық ақпарат www.archive.president.kz сайтында жарияланады. Конференцияның ұйымдастыру комитеті