23.06.2021

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді


2021 ж. 23 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Архив директоры Ж.Ү. Әбдіқадырова ҚР Президенті Архивінің ұжымын құттықтау барысында мемлекеттік қызметтің әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, барлығына жұмыстарына сәттілік және амандық тіледі.
Ақпаратты-әдістемелік жұмыс басқармасының басшысы Исаева Нұрзада Тезекқызы көпжылдық мінсіз еңбегі үшін кәсіби мереке күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісімен марапатталды.
Салтанатты іс-шара барысында ҚР Президенті Архивінің сарапшылары Дана Әмірханова, Камила Русланқызы Исанова және Жұлдыз Нұрғожақызы Тұрмтаева мемлекеттік қызметші антын қабылдады.
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтап, алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!