COVID-19 ТАРАЛУ ҚАУПІНІҢ САҚТАЛУЫ ЖАҒДАЙЫНДА  ҚР ПРЕЗИДЕНТІ АРХИВІ ОҚЫРМАН ЗАЛЫНЫҢ УАҚЫТША ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

06.01.2021

COVID-19 ТАРАЛУ ҚАУПІНІҢ САҚТАЛУЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ АРХИВІ ОҚЫРМАН ЗАЛЫНЫҢ УАҚЫТША ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

1. Оқырман залы 2021 ж. 11 қаңтардан бастап эпидемиялогиялық жағдай тұрақталғанша шектеулі қызмет көрсету жағдайында жұмыс істейді. 2. Оқырман залының жұмыс тәртібі: – дүйсенбі – бейсенбі, 09.00 ден 16.00-ге дейін; – жұма - санитарлық күн; –12.00 ден 13.00-ге дейін оқырман залын санитарлық өңдеу, желдету және дезинфекциялауға техникалық үзіліс. 3. Оқырман залына келу +7 (727) 264-69-07 (ішкі 143) телефоны немесе office@archive.president.kz электрондық поштасы арқылы алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады. 4. Дене қызуы жоғары, салқын тиген және инфекциялық ауру белгілері бар тұлғалар жұмыс жасауға жіберілмейді. 5. Бір уақытта берілетін істер мен құжаттардың саны 10 сақтау бірлігінен аспайтындай шектеу енгізіледі. 6. Келушілер әлеуметтік (санитарлық) қашықтық шараларын сақтауды қамтамасыз етуі керек: адамдар арасындағы қашықтық – 1,5 метрден кем емес. 7. Қолданушылардың Архив ғимаратында жүруіне тиым салынады, қызмет тек оқырман залында көрсетіледі. 8. Оқырман залына жеке қорғану құралдарынсыз келуге тиым салынады, міндетті түрде бетперде және қорғану қолғаптарын пайдалану қажет.