Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ»  атты мақаласын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

15.01.2021

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ» атты мақаласын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

2021 жылдың 14 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің ұйымдастыруымен Республика Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын талқылау бойынша онлайн форматта дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында Архив қызметкерлері мен дөңгелек үстелдің қатысушылары еліміздің тәуелсіздігіне отыз жыл толуына орай жарық көрген мақаланы талқылап, маңыздылығы туралы ой-пірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, 14 қаңтар ҚР Президенті Архивінің ресми құрылған күні. Архив осыдан дәл 27 жыл бұрын 1994 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік Қазіргі заман тарихының архиві негізінде Президенттің Жарлығымен құрылған еді. Осы жылдар ішінде Архив заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланудың нәтижесінде тарихи құжаттарға қол жетімділігі арта түсіп, архив ісі және құжаттану мәселелері бойынша халықаралық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастырып отырған орталықтардың біріне айналып отыр.

Іс-шара қонақтары: ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Әлеуметтанулық зерттеулер бөлімінің басшысы, саяси ғылымдар кандидаты Нұрғалиева Мадина Маратқызы; Мемлекет тарихы институтының Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тарихы бөлімінің басшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ауанасова Алима Мусировна; Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің директоры Савгабаева Айжан Нұрғалиқызы; Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, «Барбанг» күрттер қауымдастығының президенті, филология ғылымдарының докторы, профессор Князь Ибрагимович Мирозоев баяндамаларын оқыды. Дөгңелек үстел қонақтары мен Архив қызметкерлері еліміздің жетістіктерін атап өтіп, болашақта Республикамыздың даму қарқыны үдей түседі деген сеніммен іс-шараны қорытындылады.