30.11.2021

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне орай шара

2021 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Жас архившілер кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Шара барысында Архив директоры Ж.Ү. Әбдіқадырова ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы – Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің Тәуелсіздігіне қосқан зор үлесі туралы айтып өтті.

Дөңгелек үстел барысында Архивтің бас сарапшысы М.Д. Дүйсенбай Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың қызметіне қатысты Архив қорларында сақтаудағы құжаттарға сипаттама беріп өтті. Сонымен қатар, бас сарапшы А.Н. Бақтыбаева Архив кітапханасының қорына түскен Н:Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне қатысты жаңа кітаптар топтамасымен таныстырып өтті. Шара соңында қатысушылар назарына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы деректі фильм көрсетілді.