23.09.2022

Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінің Ақтөбе облысындағы күндері

2022 жылғы 23 қыркүйекте Ақтөбе облысының Мемлекеттік архивінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінің Ақтөбе облысындағы күндері өтті. «Ашық қоғамға – Ашық архив» циклінің іс-шаралары аясында өңірдегі бір тұтас отандық жазба тарихымызды сақтап отырған Ақтөбе облысының Мемлекеттік архивінің құрылымдарына онлайн форматта ұйымдастырылған бұл жиынның қазіргі уақытта маңыздылығы зор. Іс-шараны ашқан Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві директорының орынбасары Қ.Ш. Әлімғазинов өз сөзінде Архив күндері қарсаңында ұйымдастырылған әдістемелік-семинарлардан ақтөбелік әріптестеріміз заманауи жабдықтарымен жұмыстар жүргізудегі қабілеттіліктерін жітілдіріп, осы тәлімдік курстарға қатысу арқылы біліктіліктерін арттырды. Бұл іс-шарадан Ақтөбе облысының Мемлекеттік архивінің және оған қарасты мекемелерінің қызметкерлері архив ісін меңгерудің жаңа әдіс-тәсілдерімен танысты. Біз отандық архив мекемелеріне тәлімгерлік институт ретінде, шығармашылық және кәсіптік байланыстарымызды одан әрі дамытуды әрқашан жөн деп санаймыз деп тоқталып өтті. Сөз соңында иновациялық идеяларды сіңіріп, өңірлік архивтерді дамыту жолдарын меңгеру үшін ақтөбелік әріптестерді қазан айының 19-21 аралығында өтетін Халықаралық архившілер Конгресіне шақырды. Іс-шарада сөз сөйлеген Ақтөбе облысының Мемлекеттік архивінің директоры М.Т. Тулеубай облыстық архивтің әлеуетімен таныстырып, архив саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырған ҚР Президент Архивіне ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта да жас архившілерді даярлап, ұлттық идеология мен тарихтың ғылыми негізі болатын құжаттарды жинау, сақтау және насихаттау жолында қалыптасқан тәжірибе мен тамаша дәстүрлерді одан ары байытып, еліміздегі архив ісінің дамуына өлшеусіз үлес қоса бересіздер деп сенемінін білдірді.

Іс-шараға ҚР Президент Архиві мен Ақтөбе облысының Мемлекеттік архивінің ұжымынан бөлек, Ақтөбе облысының құжаттану және архивтану мәселелері бойынша сарапшылары, архивтік мекемелердің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушыларының қатысты. Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде 856 мың іс сақталған. Осы істердің сақталуына тікелей қатысы бар – Архивтің құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету, есепке алу және цифрлау қызметінің басшысы Г.О. Бекішева «Архивтік құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету және сандық форматқа көшіру жұмысын ұйымдастыруда жаңа технологияларды пайдалану» тақырыбында әдістемелік-семинар өткізіп, онлайн форматта Архивтің лабораториялық жұмыстарды үйлестірудің жолдармен видео байланыс арқылы таныстырып шықты. Ол семинар барысында құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін температуралық-ылғалдылық және жарық режимі, Архив қоймаларының өртке қарсы санитариялық-гигиеналық жағдайына бақылау жүргізу, істерді дезинфекциялау және дезинсекциялау, шаңсыздандыру және қораптау, тізімдеме жасау, сақтау бірлігі мен есепке алу бірлігі, құжаттардың қозғалысын есепке алу, Архив төлқұжатын мен архив қоймасының төлқұжатын қалыптастыру, топографиялау, статистикалық есептерді қалыптастыру, ақпаратты іздеу, каталогтар жүргізу, жүйенің деректері мен функцияларына қол жеткізу құқығының аражігін ажырату жұмыстары бойынша мастер кластар жүргізді. Әдістемелік-семинардың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының Мемлекеттік архиві мен оған қарасты архивтік құрылымдарының қатысушы мамандарына Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің атынан арнайы сертификаттар үлестірілді.