Қазақстан халықтары ассамблеясының халықаралық форумы

08.09.2020

Қазақстан халықтары ассамблеясының халықаралық форумы

2020 жылдың мамыр айының 29-да Нұр-Сұлтан қ. Қазақстан халқы ассамблеясының «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық жобасы аясында «Қазақстан: тарихи тағылым саясаты» халықаралық online-конференциясы өтті.

Оnline-конференция жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Д.А. Абаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Қ. Түймебаев, Ресей халықтары ассамблеясы кеңесінің төрағасы, Еуразия халықтары ассамблеясы бас хатшылығының басшысы С.К. Смирнова, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің президенті Е.И. Пивовар, шетелдік және қазақстандық сарапшылар мен ғалымдар, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің және ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Online-конференцияның қатысушылары пленарлық мәжіліс және панельдік сессияларында «Жер аудару. Қуғын-сүргін. Жады», «Ашаршылық. Соғыс. Тағылым» тақырыптарын талқылады. Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Ж.Ю. Әбдіқадырова, бас сарапшылары А.А. Сейсенбаева және Е.В. Чиликова Архивтің қуғын-сүргін, аштық, жер аудару мәселелері жөніндегі тарихи білімді жұртшылыққа таныту жұмыстары туралы архив құжаттары негізінде баяндама жасады.

Сондай-ақ оnline-конференциясы қатысушыларына ҚР Президенті Архивінің тарихи-құжаттық көрмесі, КарЛАГ және АЛЖИР музей-мемориалдық кешендерінің материалдары бойынша таныстырылымдар ұсынылды.