09.08.2022

«Ашық қоғамға – ашық Архив» атты Қазақстан архившілерінің I Конгресі

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві 2022 жылғы 19–21 қазанда Алматы қаласында халықаралық мамандардың қатысуымен «Ашық қоғамға – ашық Архив» атты архившілердің Конгресін өткізеді.
Шараның мақсаты – кәсіби қоғамдастықтың өзара әрекеттестігі мен конструктивті сұхбаттасуы үшін тұрақты әрекет ететін халықаралық сұхбат алаңын құру, тарихи-мәдени, құжаттық мұраны сақтаудың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарды, шешімдерді талқылау және қабылдау, архивтерді дамытудың инновациялық жолдарын қалыптастыру, жобаларды жүзеге асыру және үздік архивтік тәжірибелерді тарату.
Конгресс жұмысы келесі мазмұн бойынша ұйымдастырылады:
Бірінші күн – «Құжаттық жадтағы бейбітшілік пен келісім – конструктивті сұхбат пен жасампаз болашақтың кепілі» атты Конгрестің Бас сессиясы. Бас сессия жұмысы аясында мәдениет, өнер, әдебиет, ғылым және білім арқылы архив құжаттарының қоғам үшін рөлі мен маңызын ашатын түрлі тақырыптық алаңдар (архивтік дискурстар) ұйымдастырылады. Конгрестің ұйымдастыру комитеті құрылып, оның жұмыс регламенті бекітіледі.


Екінші күн – Конгрестің Ұйымдастыру комитеті, оның құрамы мен жұмыс мақсаты жарияланады. Шақырылған негізгі сарапшылардың сөз сөйлеулері негізінде архивтік лекторийлер форматындағы кәсіби сессиялар ұйымдастырылып, олардың нәтижесі бойынша ашық талқылаулар өтеді.
Үшінші күн – Конгресс жұмысының қорытындысы бойынша Ұйымдастыру комитетінің коммюникесі қабылданып, Конгресс дамуының бұдан арғы трендтері ұсынылады.
Конгреске қатысуға отандық және шетелдік мамандар, ғалымдар, құжаттану және архивтану мәселелері бойынша сарапшылар, архивтік, ғылыми мекемелердің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері шақырылады.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай тілдері.
Шара туралы толық ақпарат Конгрестің сайтында орналастырылады: http://arhivisterkongresi.kz.
Конгреске қатысуға өтінімдерді umc.aprk@gmail.com электронды поштасына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін жолдауды немесе Конгресс сайтында тіркеуден өтуді сұраймыз.

Анықтама үшін телефондар: +7 (727) 264 69 07, 264 38 18, +7 (717) 274 04 45.