03.06.2021

«Ашаршылық ақиқаты архив құжаттарында» атты тарихи-құжаттық көрмесі

2021 ж. 4 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде «Ашаршылық ақиқаты архив құжаттарында» атты тарихи-құжаттық көрмесінің таныстырылымы өткізілді.
ҚР Президенті Архивінің директоры орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Қ. Ш. Әлімғазинов қатысушыларға Қазақстандағы аштықтың орын алу себептерін айтып, ата-бабаларымыздың көшпелі өмір салтына, мал шаруашылығының ерекшеліктеріне тоқталды. Ақпаратты-әдістемелік жұмыс басқармасының бас сарапшысы А. Ә. Сейсенбаева көрме құжаттарымен таныстырды. Іріктелген құжаттар өткен ғ. 30 жж. аграрлық реформа, оның салдарынан болған ашаршылық және кеңес билігіне қарсы халық толқулары, халықтың жаппай шекаралас елдерге көшіп кетуі туралы деректерді сипаттайды. 5 бөлімнен тұратын көрмеге 60 тан аса экспонат енгізілді.
Іс-шараға Жас архившілер кеңесінің мүшелері қатысты.