Архивтің толықтыру көздері мекемелеріне арналған семинар

15.09.2020

Архивтің толықтыру көздері мекемелеріне арналған семинар

2020 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде мекемелерде ведомстволық архивтердің жұмыстарын ұйымдастыру және құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу тақырыптарына арналған онлайн (zoom арқылы) семинар өткізілді. Аталған семинарда құжаттамалық басқаруды қамтамасыз ету және құжаттарды архивтік сақтау. Іс жүргізу және архивтік сақтау бойынша жаңа нормативтік құжаттармен танысу. Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу. Нәтижелерді ресімдеу. Ғылыми-анықтамалық аппарат құру сияқты мәселелер қозғалды. Семинардың негізгі мақсаты – Архивтің толықтыру көздері болып табылатын мекемелерге ведомстволық архивтің жұмысын дұрыс ұйымдастыру мәселелерінде және құжаттарды сақтау үшін оңтайлы жағдайлар жасауда, сондай-ақ істер номенклатурасы мен тізімдемелерді құруда әдістемелік көмек көрсету болып табылады. Сонымен қатар, ведомстволық архивтің жұмысын ұйымдастырудың нормативтік-әдістемелік базасы жайлы да сөз қозғалды.

Жинақтау және құжаттама басқармасының басшысы Ж.С. Зейнелов өз сөзінде мекеменің, ұйымның ведомстволық архивінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша негізгі шаралар, сараптау комиссиясының міндеттері мен функциялары және қоғамдық бірлестіктерде істер номенклатурасын жасау тәртібіне тоқталды. Қатысушылар іс жүргізу және архивтік сақтау бойынша жаңа нормативтік құжаттармен танысты.

Жинақтау және құжаттама басқармасының бас сарапшысы А.К. Сальменбаева өз сөзінде құжаттардың құндылығына сараптама жүргізудің негізгі критерийлерін, әдістері мен қағидаларын атап өтті, сондай-ақ тұрақты сақталатын істердің, жеке құрам бойынша істердің және жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істерінің тізімдемесін және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актіні дайындауда мысалдар келтіріп айтып өтті.

Семинарға Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің толықтырушы көздері болып табылатын мекемелердің іс жүргізу және архивтік қызмет жұмысына жауапты қызметкерлері қатысты.