07.09.2022

Архивтің кітапханалық қоры толықты

Архивтің кітапханасы «Судьба и наследие Чокана Валиханова» кітабымен толықты, авторы профессор, т.ғ.д. Жарас Ақышұлы Ермекбай. Кітап қазақ халқының көрнекті ұлы Ш.Ш. Уәлихановтың саяхатшы және ғалым ретінде қалыптасуы мен оның бүгінгі таңдағы өзекті ғылыми мұрасы туралы баяндайды және кітап қалың оқырман қауымға арналған.


Жарас Ақышұлының атынан кітапты Архивке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің кафедра меңгерушісінің орынбасары, полковник Асқар Советқанұлы Макипов тапсырды.