28.04.2021

«Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығы бойынша ХІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада

ҚР Президентінің Архиві мен әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ 2021 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында ХІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізді. Олимпиада жоғары оқу орындары мен колледждердің I-ІV курс студенттерінің арасында қашықтық форматта (ZOOM) өтті. Додаға қатысушы топтардың әділ бағасын беруге мемлекеттік архивтердің басшылары мен белгілі ғалымдар шақырылды.

Олимпиада қорытындысы бойынша ЖОО арасында: 1 орын – «Al.Ash» тобы, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ 3 курс студенттері; 2 орын – «INNOVATION» тобы, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ 2 курс студенттері; 3 орын – «DOCUMENTUM» тобы, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ 2 курс студенттері иеленді. Ал, колледж студенттерінің арасында жүлделі орындар келесідей: 1 орын – «Архив сақшылары» тобы, Алматы көпсалалы колледжінің 2 курс студенттері; 2 орын – «Бірлік» тобы, Алматы көпсалалы колледжінің 1, 3 курс студенттері; 3 орын – «Алғырлар» тобы, Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжнің 1, 3 курс студенттері. 3 орын – «Мұрагер» тобы, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің 3 курс студенттері; Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға ҚР Білім және ғылым министрлігінің сертификаттары тапсырылды. Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімінен кейін «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» тақырыбындағы көрмеге шолу жасалды. Студенттер мен іс-шараға қатысушыларға еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай архивтік құжаттармен таныстырылды.