22.12.2021

Архивші күніне орай салтанатты жиналыс

2021 ж. 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде биыл елімізде алғаш рет аталып өтіп отырған Архивші күніне орай салтанатты жиын ұйымдастырылды. Шараның ашылуында Архив директоры Ж.Ү. Әбдіқадырова Архив қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, Ұлттық архив қорының құжаттық мұрасын жинақтап, сақтауда, оны әйгілеп, қоғамға насихаттаудағы архившілердің ерекше рөлін атап өтті.

Шара барысында ҚР Президенті Архивінің бірқатар қызметкерлеріне архив саласындағы ұзақ та жемісті қызметі үшін алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының «Алғыс хатымен» А.А. Ермағамбетова, Г.Ө. Құдайбергенова, Қ.М. Мұрзабекова, Ә.Т. Сүлейменова, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімі меңгерушісінің «Алғыс хатымен» Б.Т. Сапаралы, Д. Әмірханова, Г.Н. Дүйсенова, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет грамотасымен» Ж.А. Сатаева, М.Т. Жылгелдинов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Алғыс хатымен» М.Б. Қарақұлова марапатталды. Сонымен қатар шара барысында Архивтің Қаржы басқармасының басшысы Н.С. Сауытжановаға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі табысталды.