02.07.2021

Архивке экскурсияға студенттер келді

2021 ж. 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Жас архившілер кеңесінің ұйымдастыруымен «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» Қоғамдық қорының студенттеріне Архив бойынша экскурсия жүргізілді.
Архив қоймаларымен Архив қорларын сақтау және мемлекеттік есепті қамтамасыз ету басқармасы басшысының м. а. Дүйсенбай Медет таныстырды. Сонымен қатар, құжаттарды шаңнан тазалайтын, залалсыздандыратын аппараттардың ерекшелігін айтты.

Архивтік технологиялар басқармасының қызметкерлері Тайтелиева Шайыркүл, Новикова Наталья, Маханбетова Анар архив құжаттарын микрофильмдеу, сканерлеу үрдісімен таныстырып, қолданатын апараттарын көрсетті.
Құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру басқармасының басшысы Қасенов Бөлеген Астана күніне орай дайындалған «Нұр-Сұлтан – ұлы дала жүрегі» тарихи-құжаттық көрмесін ұсынды.