Архив және қоғам: Тәуелсіз Қазақстан тұлғалары ҚР Президенті Архивінің қор құрушылары: Атамұрат Мөрәліұлы Шәменов

06.01.2021

Архив және қоғам: Тәуелсіз Қазақстан тұлғалары ҚР Президенті Архивінің қор құрушылары: Атамұрат Мөрәліұлы Шәменов

2021 жылы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде қор құрушысы еліміздің мемлекеттік менеджменттің көрнекті өкілі, экономика ғылымдарының докторы А.М. Шәменовтың 70 жасқа толуына орай дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді. А.М. Шәменовтың құжаттары ҚР Президенті Архивіне мемлекеттік сақтауға 1999 жылдың сәуір айында өткізілді. Бұл күнде А.М. Шәменовтың жеке қорында 1954 – 2002 жылдарға тиесілі 84 сақтау бірлігі бар. Соның ішінде 19 сақтау бірлігі фотосуреттерді құрайды. А.М. Шәменовтың өмірбаяны туралы, шығармашылық қызметі туралы және ол кісінің 1990 жылдардың басында Президент әкімшілігінде, әр түрлі мемлекеттік мекемелер мен органдардағы істеген қызметіне байланысты жеке қорында сақталып қалған әр түрлі құжаттар зерттеушілер үшін өте бағалы болып табылады. Мерейтойлық іс – шараға қатысушылар Атамұрат Мөрәліұлының туыстары, достары, әріптестері, мемлекет және қоғам қайраткерлері және ҚР ПРезиденті Архивінің қызметшілері. Қатысушылар 1999 жылдан бері ҚР ПА-інде сақтаулы тұрған жеке қорынан алынған құжатты көрменің экспонаттарымен таныстырылды.