29.10.2021

Архив және қоғам: шетелдік зерттеуші Йонатан Распемен кездесу

2021 ж. 26 қазанда ҚР Президенті Архивінің Жас архившілер кеңесінің ұйымдастыруымен «Архив және қоғам» кездесулер циклінің аясында Пристон университетінің (АҚШ) аспиранты Йонатан Распемен кездесу өтті. Й. Распе ҚР Президентінің Архивінде «Национальная промышленность в советских республиках. 1940–1990 гг.» тақырыбындағы диссертациялық жұмысына қажетті архивтік құжаттарды іздестіру бойынша жұмыс істеуде.

Шара барысында Й. Распе Қазақстанның және шетелдік архивтердегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Өз кезегінде Архив қызметкерлері зерттеушіге Архив қорларында сақтаудағы Қазақстанның өнеркәсіп ұйымдарына қатысты мәліметермен бөлісті, оның ішінде Архив тарапынан дайындалған Қазақстанның түсті металлургиясының қалыптасу тарихына қатысты тарихи-құжаттық көрме материалдарының тізімін табыстады. Сонымен қатар, шетелдік зерттеушіге Архив құжаттары негізінде дайындалған құжаттық жинақтар сыйға тартылды.