Архив қорында- жаңа кітаптар

15.02.2021

Архив қорында- жаңа кітаптар

2021 жылдың 8 ақпанында ҚР Президенті Архивінің кітапхана қоры жаңа басылымдармен толықты. Бұл басылымдарды Архивтің толықтырушы көздері болып табылатын «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» сыйға тартты. Олардың арасында ғылым, техника және мәдениетке қатысты еңбектер бар. Орыс тіліндегі «Энциклопедия корейцев Казахстана» – Қазақстан кәрістеріне арналған жан-жақты материалдарды қамтитын тақырыптық, ықшам, әмбебап басылым. Кітапта Қазақстан кәрістерінің өмірінің әртүрлі аспектілері туралы 3500 мақала жарық көрген. «Корейцы Казахстана в науке, технике и культуре» – кітаптабында танымал ғалымдар, инженерлер, суретшілер, әртістердің Қазақстанның дамуына қосқан үлестері ұсынылған. «Фотолетопись корейцев Казахстана» – Қазақстан кәрістерінің 70 жылдығына арналған. Онда Қиыр Шығыстан депортацияланған кезден бастап бүгінгі күнге дейінгі өмірін көрсетуге арналған альбом фотосуреттер берілген.