04.07.2022

Алаштың рухани көсемі

Ағымдағы жылғы 1 шілдеде Талғар ауданының мәдениет, тіл, спорт, ішкі саясат бөлімінің, репрессияға ұшыраған қазақ зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қоры мен Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «АЛАШТЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІНІҢ ҰЛАҒАТЫ» атты алқалы жиын өтті. Жиынға ахметтанушы- ғалымдар мен саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға ҚР Президенті Архивінің ХХ ғасырдағы саяси-қуғын сүргін материалдарын зерттеу орталығының қызметкерлері де қатысты.
Ғалымдар мен зерттеушілер Ахмет Байтұрсынұлына байланысты табылып жатқан жаңа деректермен бөлісіп, оның қалдырған мол мұрасының насихатталуы туралы тың ойларды қозғады.

ҚР Президенті Архивінің ХХ ғасырдағы саяси-қуғын сүргін материалдарын зерттеу орталығының жетекшісі, с.ғ.д., профессор Гүлшат Нұрымбетова «Ахмет Байтұрсынұлы және саяси қуғын-сүргін» тақырыбында баяндама жасап, ұсыныстары мен пікірін білдірді. Сонымен қатар, ХХ ғасырдағы Саяси-қуғын сүргін материалдарын зерттеу орталығында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Алқалы жиынға, Талғар ауданының мәдениет, тіл, спорт, ішкі саясат бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаева, «Арыс» қорының басшысы, ф.ғ.д. Ғарифолла Әнес, алаштанушы, ф.ғ.к., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті Аманқос Мектепов, т.ғ.к. Талдыбек Нүрпейіс, имам Аманолла қажы, аудармашы Нияз қажы Тобыш, жазушы Маруана Хамзақызы, меценат, кәсіпкер Жауғашты Нәбиев, алаштанушы Абай Мырзағали және т.б. қоғам белсенділері қатысып, пікір білдірді.