Архив жаңалықтары, Баспасөз орталығы
«Менің Тұңғыш Президентім» тақырыбындағы эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттау
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ағымдағы жылдың 11-20 қарашасы аралығында «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалының бастамасымен «Менің Тұңғыш Президентім» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды.
2019 жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде «Менің Тұңғыш Президентім» атты эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты жиын өткізілді.
Байқаудың мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз ел тарихындағы сарабдал саясатын жастар арасында кеңінен насихаттау, мектеп оқушыларының шығармашылық әлеуеттері мен қабілеттерін шыңдау, сондай-ақ жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады.
Алматы қ. Медеу ауданында орналасқан мектептердің 5−11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған эссе байқауына жалпы саны 200 оқушы қатысып, тәуелсіз сарапшы топтың шешімімен олардың арасынан 18 жұмыс үздік деп танылды.
Салтанатты іс-шараға Медеу ауданы әкімдігінің басшылығы, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, зиялы қауым өкілдері, жеңімпаз оқушылар мен пән мұғалімдері қатысты.
Шара аясында эссе байқауының жеңімпаздарына Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде арнайы экскурсия ұйымдастырылып, салтанатты түрде марапат грамоталары мен естелік сыйлықтар табысталды.
«Менің Тұңғыш Президентім» тақырыбындағы эссе байқауының жеңімпаздары
№ | оқушының аты-жөні | мектеп | сыныбы |
1 | Абаева Айгерім Дарменқызы | КГУ ШЛ №33 | 11 «А» |
2 | Бақберген Дана Ғалымқызы | КГУ ОШ №19 | 11 «А» |
3 | Башикова Нурғаным Талғатқызы | КГУ ШЛ №163 | 8 «А» |
4 | Караева Сабина Русланбековна | КГУ ОШ №99 | 9 «Б» |
5 | Ким Диана Владимировна | КГУ Г №4 | 11 «А» |
6 | Куланбаева Наргиз Якуповна | КГУ Ш/И №17 | 10 «А» |
7 | Қадыралиева Мадина Аскаровна | КГУ Л №161 | 11 «А» |
8 | Құдайберген Әмина | КГУ ШГ №53 | 11 «Ә» |
9 | Марат Алина Нурланқызы | КГУ Г №159 | 9 «А» |
10 | Молдабаев Мадияр Бақкелдіұлы | НЗМ (Назарбаев зияткерлік мектебі) | 12 «В» |
11 | Мченская Анастасия Сергеевна | КГУ Г №35 | 8 «Е» |
12 | Нурмуханбетова Алина Армановна | КГУ ШЛ №48 | 10 «В» |
13 | Нұржұма Әсем Нұрланқызы | КГУ ШГ №172 | 11 «Ә» |
14 | Өмірзақова Оксана Тілеубайқызы | КГУ ОШ №47 | 9 «Ә» |
15 | Сағатова Гульназ Маратовна | КГУ СГ №12 | 11 «А» |
16 | Сарсенбаева Аружан Алмасовна | КГУ ШЛ №131 | 11 «А» |
17 | Серикбаев Ансар Ерланович | КГУ ОШ №52 | 11 «А» |
18 | Хорьяков Артем Александрович | КГУ ШЛ №28 | 9 «В» |